» » Қазақстанда 8 мамыр демалыс күні ретінде бекітілмек

Қазақстанда 8 мамыр демалыс күні ретінде бекітілмек

Үкімет қазақстандықтардың мамыр айындағы демалысын ұзарту үшін демалыс күнін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамыр айында қазақстандықтарды бірден үш мереке күтеді. 
1 мамырда елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні тойланады. Мереке сәрсенбіге келеді. 7 мамырда қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін тойлайды. Бұл мереке сейсенбіге сәйкес келеді. Келесі кезекте 9 мамыр – Жеңіс күні. Бұл мереке бейсенбіге сәйкес келеді.
"Ашық нормативтік құқықтық актілер" интернет-порталында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің демалыс күнін 2024 жылға ауыстыру туралы бұйрығының жобасы пайда болды. Жоба 25 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін ашық болады.
"2024 жылдың 4 мамыры, яғни сенбі күнін 2024 жылдың 8 мамырына, сәрсенбіге ауыстырамыз", – делінген құжат жобасында.
Жоба мақұлданса, онда бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1 мамыр – сәрсенбі, одан кейін 5 мамыр – жексенбі, одан кейін 7, 8 және 9 мамыр – сейсенбі-бейсенбі күндері демалады. 11-12 мамыр – сенбі-жексенбі демалыс күндері. Сізге 2-4 мамыр –бейсенбі-сенбі, 6 мамыр – дүйсенбі және 10 мамыр – жұма күні жұмыс істеу керек.
12 сәуір 2024 ж. 707 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930