» » «Аңсаған сәби» бағдарламасы МӘМС аясында қаржыландырылады

«Аңсаған сәби» бағдарламасы МӘМС аясында қаржыландырылады

Фото

«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында2023 жылы Қызылорда облысында 86 сәби дүниеге келді. Бұл жоба МӘМС аясында қаржыландырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалында ЭКҰ-ға кімдер қатыса алады және оған жолдаманы қалай алады, қайда өтуге болады деген сынды сұрақтарға жауап берді. 

Облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ЭКҰ бағдарламаларын қаржыландыруды жүргізеді. ЭКҰ-ға жолдама алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну қажет. Мамандар пациентті бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тіркеліміне қосады және бірқатар тексерулер тағайындайды. 12 ай ішінде емхананың бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Оң шешім қабылданған жағдайда, әйел «Емдеуге жатқызу бюросы» порталында тіркеліп, рәсімге дайындала бастайды. Пациент экстракорпоралдық ұрықтандыру үшін клиниканы өз бетінше таңдауға құқылы. Жеткізушілер тізімімен Қор сайтында танысуға болады (https://fms.kz/kz/useful-to-know/vybrat-kliniku/).

ЭКҰ кімдерге арналған?
Процедура терапевтік жолмен емдеуге келмейтін бедеулік диагнозы қойылғандарға арналған.  ЭКО-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады. Міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша  келісімі болуы керек.
Қазақстан азаматы болуы және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге сәйкес келуі қажет – бұл репродуктивті жас (18-ден 42 жасқа дейін), қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебе, жоғары фолликулярлық резерв.
МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан жылына бір рет тегін өтуге болады. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда қайтадан кезекке тұра алады.
Қандай жағдайда квота берілмеуі мүмкін?
Науқасқа ұрықтандырудан бас тарту бірнеше жағдайда әсер етуі мүмкін: жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері, жедел қабыну және кез-келген локализацияның онкологиясы.
Бақыт Исмаханбетовтың ақпараты бойынша, ЭКҰ жүргізу қағидалары және ілеспе іс-шаралар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-272/2020 «Қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды жүргізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығында жарияланды.
Қызылорда облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКҰ-ға кезекте 750 әйел тұр. Пациенттердің құжаттарын қабылдауды облыстық денсаулық сақтау басқармасы жүргізеді. Өткен жылы өңірде 274 квота игерілді, экстракорпоральды ұрықтандыру кезінде 86 бала дүниеге келді. Жүктілік кезінде тағы 51 әйел.
Биыл облыста аталмыш бағдарлама бойынша мұқтаж отбасыларға 270 квота бөлінді.
27 наурыз 2024 ж. 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 362

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 441

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930