» » Қармақшы ауданында «ӘЗ-НАУРЫЗ – ИГІЛІКТЕР БАСТАУЫ» атты мерекелік шара өтті

Қармақшы ауданында «ӘЗ-НАУРЫЗ – ИГІЛІКТЕР БАСТАУЫ» атты мерекелік шара өтті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданында «Әз-Наурыз – игіліктер бастауы» атты мерекелік шара өтті. Жиынға ауыл тұрғындары, аймақ ардагерлері қатысты.

Жосалы кентінің орталық алаңында ұлттық қолөнер бұйымдары көрмесі қойылып, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Салт-дәстүрлердің тағылымы суреттелген қойылымдар көрсетілді. Іс-шара қонақтары бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, игі тілек айтты.

Аймақ басшысы жиналған қауымды, ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Сұлу Сырдың жағасы күн санап көркейіп, ажарын айшықтайтын зәулім ғимараттар, тұрғын үйлер бой көтеруде. Мереке қарсаңында 220-ға жуық отбасы жаңа баспанаға ие болды. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде биыл 10 мектеп ел игілігіне табысталады. Тағы 11 мектептің құрылысы басталады. Соның ішінде 2 жайлы мектеп Қармақшы ауданында салынады. Облыс орталығында «Шығармашылық академиясы», екі ауданда Оқушылар үйі мен Өнер мектептерінің құрылысы жүргізіледі. Қызылорда қаласында 36 млрд. 400 млн. теңгеге 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Құны 2 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын Қан орталығы Медицина қызметкерлері күні қарсаңында пайдалануға беріледі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өткен жылы елді мекендерде 16 дәрігерлік амбулатория ел игілігіне табысталды. Соның үшеуі осы ауданның Тұрмағамбет, "Ақжар", Дүр Оңғар ауылдарында салынды. Қазір жаңа медициналық нысандарға 7 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Биыл дәл осындай 11 нысанның құрылысы жалғасып, Қармақшы және Қуаңдария ауылдарында 2 фельдшерлік- акушерлік бекет салынып, жыл соңына дейін ел игілігіне табысталады», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Мерекелік жиында Қармақшы ауданының дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, қоғам қайраткерлері Бақберген Досманбетов, Бекмырза Еламанов сөз сөйледі.

Іс-шара соңында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қармақшы ауданында қарқынды жұмыстар жүзеге асуда. Индустрияландыру бағдарламасы аясында Ақтөбе ауылында «Қармақшы құс» фабрикасы іске қосылды. Жосалы кентінде «АНК-Дәулет» серіктестігі газоблоктар өндіретін зауыт құрылысын бастады. "Ақай", Дүр Оңғар және "ІІІ Интернационал" ауылдарында 1,3 млрд. теңгеге дене-шынықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Биыл Жосалы кентіндегі жаңадан ашылған «Тәуелсіздік» ықшам ауданына газ желілері жеткізеледі. Төретам кенті мен "Ақай" ауылы жақын күндері "көгілдір отынға" қосылады. Сондай-ақ, Дүр Оңғар ауылына баратын газ желісінің құрылысы басталады. Осылайша, айналасындағы ауылдарға да газға қосуға мүмкіндік туады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

21 наурыз 2024 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 365

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 445

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930