» » Мәмс-ке алдын-ала төлемді қалай жасауға және бiр жыл бұрын мәртебені алуға болады?

Мәмс-ке алдын-ала төлемді қалай жасауға және бiр жыл бұрын мәртебені алуға болады?

Көбінесе бұл сұрақпен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандарына жүгінеді. Бас сарапшы Айгүл Аханова түсініктеме береді.

Төлем жасамас бұрын, мәртебеңізді және соңғы 12 айдағы төлемдердің болуын тексеріңіз. Мұны Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyruBot арқылы немесе eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы жасауға болады.
Үзінді көшірмеде сіз әр ай үшін төлемдерді жеке-жеке көресіз. Егер сізде бірнеше төленбеген ай болса, сізге олар үшін әлдеқайда аз мөлшерде төлем жасап, мәртебені алу тиімді болады. Бірақ осыдан кейін мәртебеңізді жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды төлеуді ұмытпаңыз.
Егер сізде ешқандай төлем болмаған жағдайда, онда төлемді өткен жылға емес, алдағы 12 айға жасаған тиімді.
МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі кез келген банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары және «Қазпошта» филиалдары арқылы төлеуге болады.
Алдағы 1 жылға төлем жасағыңыз келсе, ағымдағы айдан бастап барлығы 12 айға жеке жеке әр айды, жылын көрсетіп төлеу керек. Егер ағымдағы айдың аяқталуына шамалы күндер қалса немесе осы айда медициналық көмекке жүгінуді жоспарламасаңыз, төлемді келесі айдан бастап жасаған жөн. Сонда Сіз бір жыл бойы сақтандырылған боласыз.
Жүйе төлемдерді дұрыс есептеу үшін жарналар әр ай үшін бөлек төленеді. Төлем жасау кезінде ЖСН, төлем енгізілетін ай мен жылды дұрыс көрсету маңызды.
Сіз 12 айға төлемдерді бірден бір төлеммен төлеп тастай алмайсыз, өйткені жүйе әр ай үшін төлемді бөлек оқиды. Қате жіберген кезде мәртебені жоғалтпау үшін осы кезең үшін жарналарды қайтадан төлеуіңіз керек, ал қате төленген соманы қайтаруға болады. Қате төленген соманы қайтару «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш берген жағдайда жүзеге асырылады.
Жарналарды 3 жұмыс күні ішінде төлегеннен кейін жүйеге төлемдердің түсуін және мәртебенің берілуін тексеру қажет. Еске салайық, мұны Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyruBot немесе eGov.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы жасауға болады.
Төлем ұзақ уақыт бойы жүйеге түспесе, төлем кезінде қате жіберілген болуы мүмкін. Ең алдымен, тексерулерге енгізілген деректердің дұрыстығын қайтадан тексеру қажет. Содан кейін банкке қоңырау шалып, төлемнің бар-жоғын біліңіз. Егер жоқ болса, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қоңырау шалыңыз, өйткені МӘМС жүйесіне барлық төлемдер Ұлттық банктегі арнайы шотқа түседі, содан кейін халыққа медициналық көмек Қор арқылы бөлінеді.
13 наурыз 2024 ж. 67 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930