» » 8 наурызға орай аналарға жәрдемақы беріледі

8 наурызға орай аналарға жәрдемақы беріледі

Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бір реттік материалдық төлем беріледі. Алайда жәрдемақы бүкіл ел аумағын қамтымайды. Тек 5 облыстың әкімдігі «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген батыр аналарға қаржылай құттықтау жолдамақ. Жәрдемақының жиынтығы өңірлердің бюджетіне қарай әртүрлі есептеледі, деп жазады Egemen.kz 1tvkz-ке сілтеме жасап.
Мәселен, Абай облысының әкімдігі 19 мың анаға, Шығыс Қазақстан облысының шенділері 4 баладан көп отбасыларға, І, ІІ дәрежелі ана даңқын иеленген келіншектерге  15 000 теңге көлемінде жәрдемақы төлеуді жоспарлап отыр.
Павлодар облысының ақ жағалылары да аналарға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай қолдау көрсетпек. 
Осындай сыйды Қарағанды облысындағы 7 000 әйел алса, Солтүстік Қазақстан аймағындағы 7600-ге жуық көпбалалы аналарға 18 000 - 36 000 теңге аралығында бір жолғы жәрдемақы төленеді.
Көпбалалы отбасылар тізімінде көш бастап тұрған Түркістан облысы әкімдігі 42 250 анаға материалдық сый жасайды.
Жауаптылар бір реттік жәрдемақы 7 наурызға дейін аналардың есепшотына түсетінін хабарлады. 
Ал өзге аймақтың атқа мінерлері бұл тақырыпта үн қатпады.
04 наурыз 2024 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 131
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 328

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031