» » Балаға МӘМС арқылы брекет қоюға бола ма?

Балаға МӘМС арқылы брекет қоюға бола ма?

Медициналық сақтандыру қоры өкілдері қазақстандықтар жиі қоятын сауалдарға жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандықтар баласына МӘМС арқылы брекет қоя ала ма?
МӘМС пакеті арқылы брекет қойылмайды, өйткені тістерді тегістеу эстетикалық қызмет түрі саналады әрі ақылы түрде жүргізіледі.
«Алайда 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық стоматологиялық көмек медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі. Балаларға тісті жансыздандыру және жұлу, пломба салу, пульпит, периодонтитті емдеу, гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру, ерін және тіл қылтамыры пластикасы, жақ рентгенографиясы және анестезия бойынша қызметтер қолжетімді. Ал кішкентай пациенттерге ортодонтиялық қызметтер де қол жетімді, бірақ жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары болған кезде ғана қызмет көрсетіледі», – деп жазылған жауапта.
Жұмыстан шығып кетіп, 2-3 айдан кейін қайта орналасса, МӘМС-тегі статусы сақтала ма?
Еске салайық, бұған дейін МӘМС үшін жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлерге бұрынғыдай, яғни жалақының 3 пайыз мөлшерінде ақша аударатыны хабарланды. Төлемнің шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 25 500 теңгеден аспайды. Жұмыс беруші бұл қаржыны өз қалтасынан төлейді. Ал жұмыскерлер жалақысынан 2 пайыз ұстап, қорға аударады. Жарнаның шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 17 000 теңгеден аспауға тиіс.
МӘМС арқылы ЭКО бағдарламасына қалай қатысуға болады?
28 ақпан 2024 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 165
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031