» » Сыр өңірінде су тапшылығы мәселесі талқылануда

Сыр өңірінде су тапшылығы мәселесі талқылануда

Бүгін Қызылордада өткен «Су ресурстары: сумен тұрақты қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективалары» тақырыбындағы көшпелі отырыста облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңірінде қалыптасқан суармалы су тапшылығы мәселесін көтерді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екендігін атап өтті. Айта кету керек, «Арал-Сырдария» бассейні мемлекеттері Сырдарияның төменгі ағысына су жіберу бойынша қабылдаған міндеттемелерін әрдайым орындай бермейді. Мәселен, 2023-2024 жылдары мемлекетаралық үйлестіруші комиссияда «Шардара» су қоймасына 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың 1 ақпанына дейін 6,9 млрд. текше метр су түсетіні болжанса, оның 76 %-ы ғана, яғни 5,3 млрд. текше метрі түсті. Бүгінде «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде жинақталған судың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд. текше метрге аз. Арал теңізі мен маңындағы көлдер жүйесінің тартылуы – күрделі мәселе. Соңғы 12 жылда Арал теңізінің суы 6,2 млрд. текше метрге азайып кеткен», – деді аймақ басшысы.

Нұрлыбек Машбекұлы түйткілді мәселелердің кезек күттірмейтінін назарға салып, шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға шақырды.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

26 ақпан 2024 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 016
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 243

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031