» » Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

Елімізде ақылы жолдардың тарифтері өседі. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, ақылы жолдардың тарифтерін 2-3 есеге көтеру ұсынылды.
«Бұған дейін тарифтердің бағасын 2-3 есе көтеру ұсынылған еді. Біздің мамандар жолға қажет техниканы сатып алудан бөлек, жолдарды күтіп ұстауға қанша қаражат кететінін есептеуі керек», деді Марат Қарабаев.
Осы тұста ведомство басшысы ақылы жолдардың тарифтері халықпен талқыланатынын алға тартты. Аталған талқылаулар осы жылдың наурыз айында басталады деп жоспарланып отыр.
Марат Қарабаевтың айтуынша, жолдардың тарифі 11 жыл бойы өзгермеген.
«Тарифті көтеруді жоспарлап отырмыз. Неге екенін түсіндіріп кетейін. 2013 жылдан бері тариф 11 жыл бойы өзгермеген, былтыр 20 пайызға өскен. Мәселен, біздің тарифтерімізді Ресеймен салыстырып көрейік, егер Қазақстанда тариф 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде ұлттық валютамызға аударғанда - 7 теңге. Жолдар сапалы болуы үшін арнайы техникалық қызмет көрсету, жөндеу керек. Халық бұл шығындар салық төлеушілер есебінен болғанын қаламайды. Жалғыз нұсқа - тарифтерді көтеру», деп түсіндірді министр.

15 ақпан 2024 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930