» » Обырды емдейтін отандық дәрі

Обырды емдейтін отандық дәрі

Өлшеулі өмірдің үкіміндей онколо­гиялық аурулардың атының өзі есті­ген жанның үрейін туғызады. Ал осы дертті деніне жамаған жұрт­тың жай-күйін ойлау тіптен ауыр. Талай заманнан бері әлемнің небір білгір дәрігерлері табандап, талап қылып обырды жеңудің тың, тиімді тәсілдерін табуға тыры­сып-ақ келеді. Осы ғаламдық мәселені шешуге атсалысқан отандық ғалымдар еңбегінің нәтижесі таяу­да белгілі болды.
Осынау ақжолтай жаңалықты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеткізді. Оның айтуынша, обырға қарсы жаңа дәріні отандасымыз, ғалым Дос Сарбасов жасап шығарды.
«Биотехнолог Дос Сарбасов Техас онкологиялық университетінің Андерсон зертханасында ұзақ уақыт жұмыс істеді. Ол жасушалық тамақтануға маман­данған. Отандасымыз қатерлі ісік жасу­шаларының қоректік үдерісін бұзу­дың жолын таба алды. Бұл – онко­логиялық аурулармен күресудің инновациялық тәсілі», деді С.Нұрбек.
Министрдің айтуынша, инновация­лық дәріні алдымен қояндар мен тышқан­дарға сынаған. Сосын онкология универ­ситетінде қатерлі ісікпен ауыратын 15 адамға осы препаратты қолданып, сынақ­тың бірінші кезеңі өтті. Бәрі ойдағыдай болса, келесі жылы жаңа дәріні нарыққа шығару жоспарланып отыр екен.
«D-VС қатерлі ісікке қарсы отандық пре­па­рат әзірлеу» жобасы бойынша жаса­лып жат­қан бұл дәрінің әлемде баламасы жоқ. Жа­ңа препарат обырдың ауыр түр­лері­­не ду­шар болған науқастардың өмірін ұзар­та­тын тиімді ем болады деген сенім мол.

egemen.kz
25 қаңтар 2024 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 182
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 374

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031