» » Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлерінің саны өзгереді - ІІМ

Қазақстанда тыйым салынған көлік нөмірлерінің саны өзгереді - ІІМ

ІІМ тыйым салынған нөмірлер тізіміне енгізілген, бірақ соған қарамастан кейбір көліктер әлі де тағып жүрген мемлекеттік тіркеу белгілеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кей әріп тіркестері сөйлеу мәдениетінің ережелеріне жат және жасырын немесе әдепсіз мағанада қолданылуы мүмкін екенін ескере отырып, олардың айналымға шығуы шектелген, деп түсіндірді полицейлер.
"Мұндай шешім мәдениет саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде де, жеке талдау, әлеуметтік желілерге мониторинг және айналымға шығып кеткен нөмірлер бойынша азаматтардың мәлімдемелері негізінде де қабылданады", - делінген ІІМ-нің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар, Қазақстан жолдарында әлі де осындай нөмірлері бар көліктер бар. Министрлік мәліметінше, көлік нөмірі осы серияға шектеу енгізілгенге дейін берілген болса, ол тәркіленбейді.
"Мүмкін комбинациялардың айтарлықтай санын ескере отырып, "тыйым салынған" сериялар саны өзгеретіні сөзсіз. Серияларды тағайындау үшін кезекті қалыптастыру әліпби тәртібімен жүзеге асырылады", - деп толықтырды ІІМ.
19 желтоқсан 2023 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930