» » 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері арттырылады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері арттырылады

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (әрі қарай-Қор) жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін жүзеге асырады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілердің өз жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың өздері үшін ең төменгі бір жалақыдан кем емес және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын табыстың 3,5% мөлшерінде төленетін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады.
Әлеуметтік аударымдардың уақытылы түсуі әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі: еңбекке қабілеттілігінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болудың артықшылықтарына оралсақ, ең алдымен Қордың әлеуметтік-маңызы бар екі ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдерін атап өткен жөн.
Мұндай төлемдер республикалық бюджеттен берілетін базалық жәрдемақыларға (мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және асыраушысынан айрылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы) қосымша жүзеге асырылады. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем медициналық-әлеуметтік сараптама жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін белгілеген кезеңге тағайындалады, тағайындаудың максималды мерзімі – алушының зейнеткерлік жасқа жетуі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем – асыраушының асырауындағылардың 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқығанда 23 жасқа дейін тағайындалады. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылармен бірге Қордың ұзақ мерзімді төлемдері де арттырылады. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы жағдайларына тағайындалатын әлеуметтік төлемдер 7%-ға арттырылады.
Қызылорда облысы бойынша 3090 алушыға еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайға және 2690 асыраушысынан айырылған жанұяға төлемдер мөлшері ұлғайтылады.
Осылайша, жұмыс істейтін азаматтар алатын төлемдердің жиынтық мөлшері жұмыс істемейтін азаматтарға қарағанда көбірек болады.
Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болмайды. Осыған байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қызылорда облысы бойынша осы төлем 8 504 алушыға арттырылатын болады.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған әлеуметтік төлемдерді арттыру автоматтандырылған режимде жүргізілетінін, яғни алушыларға қосымша құжаттар жинаудың қажеті жоқ екенін атап өтеміз.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толығырақ ақпаратты Қордың gfss.kz интернет-ресурсы арқылы, сондай-ақ Қор мен филиалдардың әлеуметтік желідегі аккаунттарынан (Instagram: gfss_kyzylorda_ Facebook:АО «Гфсс» по Кызылординской области) алуға болады.
Қызылорда облысы бойынша
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы
18 желтоқсан 2023 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031