Құрылтай
» » Синоптиктер аяз қашан басылатынын айтты

Синоптиктер аяз қашан басылатынын айтты

Жаңа апта аязды ауа райымен басталды. Мұндай ауа температурасы алдағы үш күнде Қазақстаның бірнеше облысында сақталады, деп жазады Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 12-13 желтоқсан күндері атмосферада фронтальды ауа массасы өтетіндіктен еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. Ал 12 желтоқсан күні таулы аймақтарға қалың қар түседі.
Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жел күшейіп, таулы аймақтарда тұман болады.
«12-13 желтоқсанда түнде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта 25-38 градус аяз, солтүстікте 30-38 градус аяз, елдің қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында 40-44 градус аяз, республиканың шығысында 20-38 градус аяз, 14 желтоқсанда 32-38, жекелеген аудандарда 40-42 градус аязға дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 25-30-ға дейін,  таулы аудандарда 33-38 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр. 
14 желтоқсаннан бастап Арктикалық антициклон солтүстік-шығыс бағытқа ығыса бастайды.  Антициклонның ығысуына байланысты 14 желтоқсаннан кейін ауа температурасы салыстырмалы түрде жылынып, түнгі уақытта аяз төмендейді. Батыста 5-16 аязға дейін, солтүстік-батыста 15-35 градусқа дейін аяз, солтүстікте 25-38 градусқа дейін аяз болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
11 желтоқсан 2023 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 676
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31