» » "Үздік педагог" республикалық конкурсынан әріптесіміз үздік атанды

"Үздік педагог" республикалық конкурсынан әріптесіміз үздік атанды

qarmaqshy-tany.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі "Үздік педагог" республикалық конкурсының марапаттау рәсімі өтті. Байқауға Сыр өңірінен облыстық кезеңнің қорытындысымен 10 педагог қатысқан болатын. Конкурс нәтижесімен 5 мұғалім «Үздік педагог» атағының иегері атанды.
Олардың қатарында Қызылорда облысы білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты №80 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі, білікті ұстаз Ниязов Серік Ұзақбайұлы да бар.
Серік Ұзақбайұлы білім беру саласында 16 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз. Кәсіби жетістіктері мол, оқушылары республикалық олимпиаданың шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері. «Үздік педагог» атағын беру жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Үздік педагог» атағына ие болды. Осы ретте бүгін Елордада өткен марапаттау рәсімінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан үздік педагогтерге арналған төсбелгі мен 1 000 АЕК ақшалай сертификатқа ие болды.
Әріптесімізді бүгінгі марапатымен құттықтай отырып, шәкірттеріңіз тек биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіздің ақтала беруіне шын жүректен тілектестігімізді білдіреміз!

Жаңалықтарды Instagram
Telegram каналымыздан оқыңыз

07 желтоқсан 2023 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031