Рух қорғаны

«Толқындарды тосады тосқауыл боп
Айқастағы Қармақшы жауынгердей...»
Сырбай Мәуленов
Естіледі Қорқыт-қобыз зар үні,
Зымырайды дүние дария ағыны.
Көз ұшында бұлдырайды сағым боп,
Аңсап жеткен Ақсақ қыздың қабірі.
Көп болса да ескі тарих сарыны,
Мен білмеймін Қорқыттан да әріні.
Қармақшыдан түлеп ұшқан дүрлер көп,
Кейінгіге өшпей жеткен дабылы.
Ұрпағына рух берген жалыны,
Бөлек бопты Ер Текейдің арыны.
Тәңірінің нұры түскен әулие,
Ғажап еді Марал ишан танымы.
Қызы көркем, кіл ер жүрек бар ұлы,
Тау қопарар таланты мен қарымы.
Жүрегінде иманы мен сабыры,
Тіл ұшында Тұрмағамбет лағылы.
Қармақшының әр адамы осындай,
Өлеңіме қалды көбі қосылмай.
Алты Алашты дауысына іңкәр қып,
Дүр Көшеней жарқырады жасындай.
Сөз басында келтірген соң дерегін,
Сөйлетейін Сырбай ақын өлеңін.
Тоқтататын жаһандану толқынын,
Бұл Қармақшы рух қорғаны дер едім...
МӨЛДІР БЕКҰЗАҚҚЫЗЫ
26 қараша 2023 ж. 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728