» » Жаңа білім нысандары көбеюде

Жаңа білім нысандары көбеюде


Жаңа оқу жылының басында облыс орталығындағы үш ауысымдағы 6 мектептің 4-не 1850 орынға арналған қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Бұған қоса, Бәйтерек мөлтек ауданынан пайдалануға берілген 600 орындық жаңа мектеп 2 мектептің сыйымдылық жүктемесін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов айтты.
- Өткен аптада Шиелі ауданы, Байсын ауылында 250 орындық мектеп ғимараты ел игілігіне табысталды. Жыл соңына дейін Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі 250 орындық және Жаңақорған кентіндегі 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен 8 мектептің құрылысын салуға тиісті ұсыныстар берілді. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 12 300 орындық 21 мектеп салынады, - деді Асқарбек Темірбекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

25 қараша 2023 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 334
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 856

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930