» » «Отбасы» банкі 20 млн-шы боп туған 5 балаға 2 млн теңгеден береді

«Отбасы» банкі 20 млн-шы боп туған 5 балаға 2 млн теңгеден береді

«Отбасы» банкі еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналар өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Сонымен қатар видеобанкинг арқылы да хабарласуға болады.
«Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі», – деді Ләззат Ибрагимова.
16 қараша 2023 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930