» » Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруі мүмкін

Әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратта бірнеше өңірде уақытты бір сағат алға жылжыту жоспарланғаны айтылған.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі уақыт белдеуінің өзгеруі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратта бірнеше өңірде уақытты бір сағат алға жылжыту жоспарланғаны айтылған.
"Осыған байланысты Қазақстанның батыс өңірлері, атап айтқанда: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары 2023 жылғы 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні (00:00-де) елорда уақытына, бір сағатқа ауыстырылады", – делінген мәтінде.
Экология министрлігі қазір Қазақстанда уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу мәселесі зерттеліп жатқанын растады.
"Экология және табиғи ресурстар министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен және басқа да мүдделі ұйымдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу мәселесін зерделеп жатыр.
Депутаттардың, орталық мемлекеттік органдардың, қоғам мен ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылды", – деді ведомство өкілдері.
Алайда Экология министрлігі өкілдері қазір бұл мәселе бойынша шешім қабылданбағанын айтты. Шешім мәселені егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін, сондай-ақ, қоғамдық талқылаудан кейін қабылданады.
"Қазір Қазақстан Республикасының аумағында уақыт екі әкімшілік уақыт белдеуінде есептеледі: 4-ші (БҚО, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) және 5-ші (Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және басқа да облыстар)", – деді Экология министрлігіндегілер.
27 қазан 2023 ж. 458 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 267

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 366

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930