» » «Менің шағын отаным» республикалық интеллектуалдық конкурстың аудандық кезеңі өткізілді

«Менің шағын отаным» республикалық интеллектуалдық конкурстың аудандық кезеңі өткізілді

Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты О.Шораяқов атындағы №30 мектептің базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың "Менің шағын Отаным"атты республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағытталған іс -шараға білім бөлімінің басшысы
Гүлзира Мажитқызы арнайы қатысып, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен жіті танысты.
Екі кезең бойынша өткізілген байқауда жалпы білім беру ұйымдары бойынша 9-10 сынып оқушыларынан 56 оқушы қатысып, өз туған өлке тарихы мен ұлттық құндылықтарды мақтаныш сезімімен жеткізу барысында түрлі презентациялар және бейнефильм фарматтарында жобаларын қорғап, көпшілікке ұсынды.
Конкурс ережесіне сәйкес әр номинация бойынша оқушылар жүлделі орындармен марапатталып, үздік шыққан жобалар облыста өткізілетін кезеңге жолдамаға ие болды.

Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды құттықтай отырып, алдағы кезеңдеріне сәттілік тілейміз!

12 қазан 2023 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 824
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 513

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930