Жалынды жас – ел ертеңі
qarmaqshy-tany.kz 12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Бұл мейрам – ғаламдық деңгейде тойланатын бірденбір мереке. Мұны жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен жер-жерде түрлі іс-шаралар қолға алынады. Осылайша әлем халқының жастары бұл күні ерекше шаттық пен берекеде атап өтуді жөн көреді.
Расында да бұл мерекенің берері көп. Айтар ойы – орасан. Қатардағы жай бір күндер дің қатарына жатқыза салуға әсте болмайды. Себебі бұл мерекенің тарихы ХХ ғасырдан басталады. 1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан шамамен екі ай өткен соң бекітілді. Дүниежүзілік жастар күнінің тойлау мезгілі 29 қазан мен 10 қараша аралығында Англия астанасы Лондонда өткен Дүниежүзілік жастар конференциясының аяқталуына ұштастырылды. Міне, осыдан кейін барып конференцияның аяқталған күні маңызды болып есептеледі. Өйткені ең алдымен, бұл күн – өзінің «Империализмге және кертартпалыққа қарсы, бейбітшілік, демократия, ұлттық тәуелсіздік үшін, жастардың саяси, әлеуметтік жә не экономикалық құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға әртүрлі жастар ұйымдарының бірігуі» атты мақсатын жариялаған Дүниежүзілік демократияшыл жастар федерациясының негізделген күні. Осынау ұйымда Кеңес Үкіметі «КСРО жастар ұйымдарының комитетін» ұсынды. Дүниежүзілік жастар күнін жаппай тойлау ықыласын білдірген дәл ДДЖФ бастамашылдары болатын.
Қарап тұрсаңыз, жастар өмірдің қозғаушы күші іспетті. Қаншама соғыс пен зұлматты кездерде қан майданға ең әуелі жастар аттанды. Бар жастық ғұмырын майдан даласына жіберген атабабаларымыз да болды. Қиын-қыстау заманда үлкендердің ақыл-кеңесін негізге ала отырып, қан кешіп, жан алысып, жан берісті. Бірақ мұқалмады. Жастық жалын кеудені керіп, үнемі алға бағыттаумен болды. Жоғарыда біраз деректерді келтірдік. Бір жағынан қарасаңыз, Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемде бейбітшілік жасау бастамасын жастар арқылы көтеруді көздейді. Мұнысы жөн. Себебі кескілескен, қиын оқиғаларға жастарды итере берудің қажеті жоқтығын айтуда.
Аудан бойынша жалпы халық саны – 52500 болса, оның ішінде 14-35 жас аралығындағылар 16622 жасты құрап отыр. Ал осы жастармен тікелей жұмыс істейтін аудандық Жастар ресурстық орталығының жұмысы жүйелі. Оны әлеуметтік желідегі парақшаларында жаңалықтың күнде жаңаланып отыруынан, орталық есігінің әрдайым ашық әрі қашанда айналасы жастарға толып жүретінінен-ақ аңғаруға болады. Сөзімізді нақтылау үшін мамандар пікірімен толықтырсақ.
– Өткен жылдың қазан айынан бастап Жастар орталығының бейресми атауын «QADAM» жастар ресурстық орталығы деп өзгерттік. Көздегеніміз – жастардың барлық жаңа, тың, алғашқы қадамдарына осы жастар орталығы себепші болсын деген ниет. Қазіргі уақытта орталықта «Qadam kenes», «Qadam qamqоr», «Qadam qoldau» жобалары іске асырылып келеді. Барлығының да атқарып жатқан жұмыстары ауқымды. Мәселен, Qadam kenes жобасының қармақшылық бағыты бойынша «CEO IT Park» директоры Алмат Жомартұлымен кездесу өткізілді. Бұл жобаның басты мақсаты – Қармақшы елінен шыққан, жоғары жетістікке жетіп жүрген тұлғалармен жастары арасында байланыс орнату. Кездесу барысында жастарға IT бағыты бойынша толық түсіндірме жұмыстары және алдағы уақыттарда сұранысқа ие мамандықтар мен қажет етілмейтін мамандықтар бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Ал «Qadam mura» жобасы аясында «Жастардың қоғамдағы рөлі» тақырыбында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ҚБ аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева жастар және оқушылармен кездесті. Онда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету басты мұра екенін жеткізді. Бұл жұмыстар мамандар ұйымдастырған ісшаралардың кішкентай бір бөлшегі ғана. І жартыжылдық бойынша орталық түрлі бағыттағы 84 іс-шара өткізсе, оған 3000нан аса жас қатысқан. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек, – дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназарұлы.
Иә, қазір аудан жастары белсенді. Әрбір ауылдық округте жастар жөніндегі мамандар да талапқа сай жұмыстар жүргізуде. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Жас отау» отбасылық конкурсынан жүлделі І орын, «IQ ORDA» республикалық интеллектуалды сайысына қатысып, «Qadam Қармақшы» командасы жүлделі ІV орынды иеленгені айқын дәлел.
Сонымен қатар, «КиноТайм» жобасы жастар арасында тұрақты ұйымдастырылып келеді. Ал «Qadam студия» жобасы аясында аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан жастарымен еркін форматта кездесті. Кездесуге ауданның рухани-әлеуметтік дамуына өз үлестерін қосып жүрген талантты жастар, жас ғалымдар, кәсіпкерлер, волонтерлер және түрлі сала бойынша жас мамандар қатысты. Аудан жастарының сұранысы бойынша «Jana qadam» дебат клубы қайта құрылып, жаңа спикерлер да йындау және пікір-сайыс тар өткізілуде. Осы уақыт аралығында 3 рет пікір сайыс ұйымдастырылды. «Jana qadam» дебат клубының 25 мүшесі бар. Сонымен қатар, аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік қызметі аясында «Qadam» жас тар ресурстық орталығы және «Qadam Qarmakshy» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар бастамаларын қолдау» әлеуметтік қызметі аясында шағын гранттар байқауының комиссия отырысы өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 14 жеңімпаз анықталып, сертификаттар табысталды. Жоба қорытындысы бойынша 11 теннис, 2 домбыра, жылжымалы кинотеатр үйірмелеріне құрал-жабдықтар алынып, жастар үшін жұмыс жасап тұр. Мұнан өзге де жастар орталығы пробация есебіндегі, NEET санатындағы жастарды қатардан қалдырған емес. Аудан көлемінде өзгеге көмек қолын созуға құштар ерікті жастар да жетерлік.
– Меніңше, қазіргі жастар өте еңбекқор. Олар тек жүріп, уақытты зая кетіруді жөн көрмейді. Бес саусақ бірдей болмайтыны секілді, арасында ала-құласы да бар. Бірақ бұрынғы біздің қатарластарымызға қарағанда ащы судан алыс, әрі жаңа дүниені үйренуге құштар. Маған бүгінгі жастардың осы қыры мен қасиеттері жағады. Қос қолдап қолдаймын. Ең бастысы, ерінбеу керек. Қазіргі заман ғылым мен білімнің кезі. Егер аз ғана кідіріп, аялдар болсаңыз, екінші біреу жаңалық ойлап шығарады. Ал сол дүние сіздің ойыңызда жүрген болса ше? Сондықтан барымызды салып, ілгерілей беруіміз керек. Сонда қазақ жастарының алмайтын асуы, бағындырмайтын қамалы болмайды. Тағы бір мәрте қайталап өтейін. Ең негізгісі, қажыр мен қайрат бойында бар жас өрен жерде қалмайды. Жастар осы қарқынынан таймаса, – дейді ардагерұстаз Райкүл Қаратаева.
Расында да, қазіргі жаңашыл жастардың қарқыны бөлек. Мемлекет тарапынан қолдау тапса, талай жастың жұлдызы жанары анық. Үкімет те бұл ретте барын салуда. Бастысы жастар жанарындағы жарқыл жарқырай берсің.
А.Сәкенқызы