» » 881 отбасы бақша екті

881 отбасы бақша екті

Қармақшы ауданында халықтың әл-ауқатын арттыру және эконономиканы нығайтуда біршама жұмыстар атқарылып, нәтижесінде көптеген салаларда көрсеткіш денгейі өскен.

Көп уақыттан бері мәселе болып келген, индустрияландыру бағдарламасымен жүзеге асып жатқан ірі жобаның бірі – «Ақтөбе» ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасы биыл іске қосылмақ. Бұдан бөлек, Жосалы кентінен «АНК-Дәулет» ЖШС газоблоктар өндіретін шағын зауыттың құрылысын бастады. Сондай-ақ осындағы ескі базар орнына жергілікті кәсіпкер Нағима Тоқсанбаева заманауи үлгідегі сауда орталығын тұрғызуда. Аудан орталығындағы ескі қонақ үй де қайта жаңартудан өтіп, алдағы уақытта «ІІІ Интернационал» ауылдық округінен жеке кәсіпкер Г.Рагибованың мал бордақылау алаңы және сою цехының құрылысы басталмақ. Бұл жобаны іске асыруға 2 гектар жер телімі берілген. Әрі бір мерзімде 100 бас жылқы, 100 бас мүйізді ірі қара және 200 бас қой бордақылау жоспарлануда. Сонымен қатар, жоспарда шұжық цехы да бар. Осы және өзге де атқарылған жұмыстарды өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Жандос Еркінбек айтып берді.

Қармақшының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң қарқын жоқ емес. Өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындармен 2,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Ал осы өнеркәсіп саласының 87 пайызын құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 2 млрд теңгеге өнім шығарылып, былтырғымен салыстырғанда 13,1 есеге артып отыр.

– Ауданның экономикалық көрсеткіштеріне тікелей әсер ететін шағын кәсіпкерліктің дамуы да басты назарда. Бізде шағын және орта кәсіпкерлік субъект саны биыл 4470-ті құрады. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 4150. Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар арқылы 90 жоба 740,5 млн теңгеге несиелендірілсе, 112 жобаға 115 млн теңгенің гранты берілді. Жыл соңына дейін осы саладағы жобаларды қаржыландыру  былтырғыдан да жоғары болады. Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен несие алу үшін барлық елді мекендерден ниет білдірген азаматтардан 258 құжат жиналып, дайындалуда, – деді аудан әкімі.

Биыл 13770 гектар жерге күріш еккен қармақшылық диқандар әртараптандыру ісінде де алда. Мысалы, «Жаңажол» ЖШС 5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен алма бағын егіпті. Қосымша жабынды астында еккен 2 гектар қарбыз да бар. Дақыл алдағы тамыз айында піседі. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз ету туралы тапсырмасымен 392 гектар бақшалық жер дайындалып, 881 отбасы сонымен айналысуда. Сондай-ақ шаруаларға су тапшылығында қиналмау үшін 24 насос берілген.

Құрылысқа келсек, Байқоңырда көпқабатты 5 тұрғын үй салу және қала ішін сумен жабдықтау жүйелерін ауыстыруға қомақты қаржы бөлінген. «Көгілдір отынға» қосу үшін «Төретам» кенті мен «Ақай» ауылында қызу жұмыс жүруде. Сондай-ақ Тұрмағамбет, Дүр Оңғар, «Ақжар» ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып кетті. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында «Жосалыда» денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталса, дәл осындай нысан «Ақай» ауылында салынып жатыр. Ал Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында спорт кешенінің құрылысын жүргізу үшін қаржы қаралып, жұмыстары басталған.

– Аудан көлемінде құрылыс жұмыстары тоқтамайды. Алда да жоспарлы жұмыс жетерлік. Заманауи мектепте білім алуға жағдай жасау үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 2024-2025 жылдары аудан орталығындағы №105 мектеп-лицейі және «ІІІ Интернационал» ауылындағы №108 орта мектебін қайта салу жоспарлануда. Сонымен қатар, көптен бері кент тұрғындары көтеріп жүрген күрделі мәселенің бірі – Жосалы кентінде теміржолдан өтетін көпір құрылысының жоба-сметалық құжатын, мемлекеттік сараптамадан өткізу және техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге аудандық бюджеттен 9,3 млн теңге бөлдік, – дейді Жандос Еркінбек.

Аудан басшысының айтуынша, биыл аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Т.Көмекбаев» автожолын орташа жөндеуге 503 млн теңге қаржы бөлінген. Ал жалпы құны 1 млрд 445 млн теңге. Қазір жол құрылысы жүріп жатыр. Бұдан өзге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 5 елді мекеннің 21 көшесі жөнделуде. Атап айтсақ, «Жосалы» кентінде 15, «Ақтөбе» ауылында 1, «Ақай» ауылдық округінде 3, «Ақжарда» 1 және «ІІІ Интернационалда» 1 көше қайта жаңғыртылады. Сонымен бірге, аудан орталығындағы 19 және Дүр Оңғар ауылының 5 көшесін жарықтандыруға 225 млн теңгеден астам қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары басталған.
Айта кету керек, күзде Қармақшыда ауданның 95 жылдығын атап өту жоспарланған. Осыған орай жыл көлемінде «95 жылға – 95 шара» атауымен ауқымды іс-шаралар қамтылмақ. Мерейтой аясында республикалық ақындар айтысы мен жыраулар фестивалі, ат бәйгесі, ұлттық спортты насихаттау мақсатында түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Бірқатар әлеуметтік нысандар ашылып, тағылымы мен тәрбиелік маңызы зор рухани-мәдени жиындар өтеді.
Ержан Қожас,
«Сыр бойы»
27 шілде 2023 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031