» » 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7-9 шілде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық болады.
Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында - найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақытта екпіні - 25 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі, күндіз таулы аудандарда - бұршақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында найзағай жарқылдайды.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында - найзағай, бұршақ. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте - найзағай, дауыл. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында - найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады.

Ақмола облысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-42 градус қатты ыстық болады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде күн күркірейді. Күндіз облыстың онтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде - 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде - найзағай, күндіз бұршақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Астанада таңертең және күндіз найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.
baq.kz​​​
07 шілде 2023 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031