» » ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды

ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды қабылдау басталды

Қазақстанда жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жұмысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

2023-2024 оқу жылына ЖОО-ларға түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады. 13-20 шілдеде білім беру гранттарының конкурсына өтініш қабылдау өтеді.

Отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), № 075/у нысанындағы медициналық анықтама, ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін тапсыру керек. Сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.

Оқуға түсушілер 18 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін өтетін ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін грант конкурсына ұсына алады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Айта кетсек, «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі. Бұл емтихан ЖОО базасында 20 маусым мен 20 тамыз аралығында өткізіледі.
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштерді ЖОО-лар 20 маусымнан 7 шілдеге дейін қабылдайды, емтихандардың өзі 8-15 шілде аралығында өтеді.

Фото ашық дереккөз
23 маусым 2023 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930