» » Қызылордада Сеул университетінің жасанды интеллект мектебі ашылуы мүмкін

Қызылордада Сеул университетінің жасанды интеллект мектебі ашылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің жасанды интеллект мектебін ашу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі кездесуде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты ілгерілете түсуде өзара қолдау көрсетеміз деп уағдаластық. Әңгіме барысында корей елінің батыры, генерал Хоң Бом Доның мұрасына қатысты жобаларға көңіл бөлінді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің жасанды интеллект мектебін ашу жөнінде жан-жақты пікір алмасу болды», - деді
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Жиннің елімізге сапары барысында ұйымдастырылған брифингте.

Сондай-ақ, министр екі елдің сыртқы ведомстволары арасында 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылғанын хабарлады.

«Бүгінде елімізде 119 мың корей азаматы тұрып жатыр, олар - біздің қоғамның ажырамас бөлігі. Тәуелсіздігіміз бен ел дамуына бір кісідей атсалысып жүрген белсенді азаматтар. Осының бәрі Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы достық пен стратегиялық әріптестіктің іргетасын нығайтуға септігін тигізіп отыр. Бүгінгі келіссөз барысында министр Пак Жин мырзамен ықпалдастығымызды әрі қарай дамыту жолдары жөнінде нәтижелі пікір алмастық», - дейді ведомство басшысы.

Автор:  
Дәулет Ізтілеу

31 мамыр 2023 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 069
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031