» » Қызылордалық оқушы Түрік елінде киноға түсіп, халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Қызылордалық оқушы Түрік елінде киноға түсіп, халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 6 сыныптың оқушысы Сармырзаев Ержігіт Алматы қаласы "Мен де жұлдыз боламын" республикалық байқауының бас продюссері Лариса Мақсатқызының шақыртуымен Түрік елінде киноға түсуге шақырту алған.

Халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, өнерлі өрен Фенике қаласында түсірілген балалар фильмінде басты рөлдердің бірін сомдап, көпшіліктің ықыласына бөленген.

Шетелдік киноға түсе жүріп Ержігіт Ата Түріктің 100 жылдығына орай мәнерлеп оқудан ұйымдастырылған халықаралық байқауға қатысып, Түрік елінің атақты шайыры Неджип Фазыл Кысакюректің "Annacigim" шығармасын түрік тілінде орындап бас жүлде иеленді.

Алты мемлекеттің өнерпаздары қатысқан таланттылар байқауында еліміздің абыройын асқақтатып, дарынымен дараланған сырбойылық оқушыны бүгін мектеп әкімшілігі, сыныптастары мен ата-аналары салтанатты түрде күтіп алды.

Білім ордасының басшысы Бек Сұлтанбекұлы жас өнерпазды ата-анасымен қабылдап, ізгі тілегін білдірді. Ержігіттің анасына бала тәрбиесінде, өнер жолында қолдау көрсетіп жүргені үшін арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат көрсетті.
©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
27 мамыр 2023 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 426
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930