» » Жастарға арналған бағдарлама

Жастарға арналған бағдарлама

Астанада «Елорда жастары» бағдарламасына құжат қабылдау басталады. Жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына өтінімдер 30 мамыр мен 6 маусым аралығында qatysu.zhilfond.kz порталында электронды түрде қабылданады.

Бағдарламаны жүзеге асыруға Аста­на­ қаласы әкімдігі 1,5 млрд теңге, «От­ба­сы банк» 1,5 млрд теңге бөліп отыр. Нәтижесінде, биыл 35 жасқа дейінгі 200 адам баспаналы болады. «Отбасы банкінің» орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаевтың айтуынша, ипотекалық несиенің шекті сомасы 18 млн теңге шамасында қалмақ.

«Банк бағдарлама қатысушысының тө­лем қабілеттілігін тексеріп, жылдық мөл­­шерлемесі 5 пайызбен (ЖТСМ 5,2 %-дан­ бастап) жеңілдетілген ипотекалық не­сие береді. Алғашқы жарна – 10%. Елор­да жастарына берілетін ипотекалық не­сие­нің ең жоғары сомасы – 18 млн теңге, мерзімі 25 жылға дейін. Оның көмегімен алғашқы немесе екінші нарықтан, сондай-ақ «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның кепілдемесімен үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан тұрғын үй сатып алуға болады», деді банк өкілі.

Ілкімді істің игілігін мұғалімдер, дәрігерлер, ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері, журналистер, мәдениет саласының қызметкерлері, спортшылар мен жаттықтырушы оқытушылар, әлеуметтік қызметкерлер, коммуналдық сала қызметкерлері, полиция департаменті қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, тұрғын үй кезегінде тұрған жетім балалар көре алады.

«Әлеуетті қарыз алушылардың тізімін жергілікті атқарушы билік жасайды. Жалпы, 2021-2022 жылдар аралығында бағдарламаға қатысуға 1 179 адам өтініш берді. Оның ішінде төлем қабілеттілігін растаған 184 жас маман баспаналы болды. Берілген ипотекалық кредит сомасы
3,12 млрд теңгеге жуық», деп сөзін тү­йіндеді Ж.Матаев.

Бағдарламада қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүше­ле­рінің соңғы 1 жыл ішінде Астана қаласында тұрақты тіркелуі ескеріледі. Сондай-ақ 10% мөлшеріндегі алғашқы жарнасы, соңғы 5 жылда тұрғын үйі болмауы қажет. Табыс көлемі де 6 айда күнкөріс деңгейінен аспауы керек. Бұл шамамен 243 402 теңгені құрайды (зейнетақы жарнасы, жеке табыс салығы және басқа да міндетті жарналарды қоспағанда).


26 мамыр 2023 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930