Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Қазақстан халқының бірлігі мерекесі 24 сәуірден бастап 3 мамырға дейін жалғасады

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі 24 сәуірден бастап 3 мамырға дейін жалғасады

Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің жалпыхалықтық сипатын ескере отырып, облыстық іс-шаралар жоспарына 40-тан астам қоғамдық-бұқаралық, мәдени-көпшілік, спорттық, ағартушылық және ғылыми-танымдық шаралар енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов мәлімдеді.


- 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі 24 сәуірден бастау алып 3 мамырға дейін жалғасады. Атап айтқанда, 24-28 сәуір аралығында Достық үйінде «Достық үйі – келісім мен бірлік мекені» тақырыбымен ашық есік күндері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «Бірлігіміз – әралуандылықта» тақырыбымен лекторийлер, облыс музейлерінде «Қазақстан – достықтың киелі бесігі» атты көрмелер, облыс кітапханаларында «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты кітап көрмелері, әдеби кештер, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Ал, мекемелерде мерекелік қабылдаулар мен мәдени-танымдық кештер, облыстық Ассамблея жастарының Этно fest фестивалі, «Бірлік – бітімгерліктің бастауы» атты интеллектуалды сайысы болады, - деді А.Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласы мен аудандарда мерекелік театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар, халықтық серуендер, «Таза аула» сайыстары, қайырымдылық шаралар мен волонтерлік көмектер ұйымдастырылады.

Облыстың негізгі мерекелік мәдени-көпшілік шарасы 1 мамыр күні сағат 10.00-де Қызылорда қаласының «Сыр ана» монументі алаңында «Татулығы жарасқан – берекелі Қазақстан» тақырыбымен өтеді.

Жалпы, мерекелік іс-шаралар азаматтардың жағымды көңіл-күйін қалыптастыруға, тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
28 сәуір 2023 ж. 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 372

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031