» » Мәслихат төрағаларының міндеті популизмге ермей, нақты проблемаларды шешу – Тоқаев

Мәслихат төрағаларының міндеті популизмге ермей, нақты проблемаларды шешу – Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті мәслихаттардың алдындағы нақты міндеттерді атады.
«Өткен жылдың соңында мен вице-министрлер құрамының сапасына талдау жүргізуді тапсырдым. Белгілі бір деңгейде жұмыс жүргізілді. Әрбір лауазымды тұлғаға оның жеке және кәсіби құзыреттеріне сәйкес баға берілді.

Қазіргі таңда осындай талдау облыс әкімдерінің орынбасарларына қатысты жүргізіліп жатыр. Үкімет пен әкімшілік кадрлық шешімдер қабылдау кезінде қызметін өсіру кезінде де, қызметінен босату кезінде де осы бағалау нәтижелерін ескеруі керек. Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлеуетін күшейту қажет. Бұл тұрғыда көп нәрсе жаңадан сайланған мәслихаттардың жұмыс сапасына байланысты болады. Соңғы әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес, бүгінгі таңда азаматтардың мәслихаттарға деген сенімі аз – тек 53% ғана», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кеңеске қатысып отырған жергілік мәслихат төрағаларына:
«Сіздердің бірінші кезектегі міндеттеріңіз – жеңіл популизмнің жетегіне ермей, жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғау. Депутаттар электораттың өзекті мәселелерін шешуде күнделікті қажырлы жұмысқа көшіп, кәсібилік пен жауапкершілік танытуға тиіс. Әкімдіктермен өзара іс-қимыл атқарушы органдар қабылдайтын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, сындарлы жүргізілуі керек», - деді Мемлекте басшысы.

Сондай-ақ, Президент елдегі әлеуметтік кепілдіктердің көлемі қысқармайтынын айтты.
19 сәуір 2023 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930