» » Қармақшыда түнгі рейд жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Қармақшыда түнгі рейд жұмыстары тұрақты жүргізілуде

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының, ардагерлер мен Қармақшы аудандық мәслихат депутаттарының, Қармақшы аудандық полиция, Қармақшы аудандық қоғамдық даму, Қармақшы аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.

Рейд барысында кафелер, дүкендер, компьютерлік клубтар, аллеялар және көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қараңғы қуыс көшелер араланып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жасалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.
19 сәуір 2023 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 202
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031