» » Жас кәсіпкерді жетелейтін жоба

Жас кәсіпкерді жетелейтін жоба

qarmaqshy-tany.kz МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» АТТЫ ЖОЛДАУЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МІНДЕТІН ҚОЙҒАН ЕДІ. ЖАЛПЫ ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕРДІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ НӘТИЖЕСІНЕ ЗЕР САЛСАҚ, ОСЫ ЖЫЛДАН БАСТАП КӘСІПКЕРЛІК САЛАДА СЕҢ ҚОЗҒАЛЫП, БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА ҚАТЫСТЫ АРНАЙЫ РЕФОРМА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛА БАСТАҒАНЫН БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ. СОНЫҢ БІРІ – ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРУ.
Бұл — жастарға арналған жаңа мүмкіндік. Мұның тиімділігі — жастарды қолдай отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты азайту. Сонымен қатар осы жоба арқылы жас кәсіпкерлер несиеге қол жеткізіп, өз жұмысын жандандырса, елде бизнес нысандарының қатары да артады.
Елімізде наурыз айынан бастап жастарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске асырылуда. Жоба негізінде 21-35 жас аралығындағы жастар мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын несие алуға мүмкіндігі бар. Пайдалану мақсатына қарай мерзімі – бес жыл. Ал мал шаруашылығымен айналысатын жастарға жеті жылға дейін беріледі. Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін – үш жылға дейін, айналым қаражатын толтыру үшін (несиенің бір бөлігі) – екі жылға дейін беріледі. Несиенің ең үлкен сомасы 5 млн теңгені құрайды.
Иә, бұл кәсібін бастағысы келіп жүрген жандарға не болмаса кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға таптырмас мүмкіндік. Бағдарлама аясында биыл 28,9 млрд теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен 5796 адамға жеңілдігі бар несие беру жоспарланып отыр.
Несиені алудың да өзіндік шарты бар. Соның бірі – кепіл қою. Егер үміткерде кепіл болмаған жағдайда үшінші тарап кепілгер бола алады. Кепілге жылжымайтын мүліктен басқа меншіктегі жер немесе арнаулы техника қабылданады. Сондай-ақ салық органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 5 жылдан аспауы тиіс. Өтініш берушінің жеке куәлігі, бизнес жоспары, жалақыны растайтын құжат, жеке шоттың болуы туралы анықтама, мүлікті бағалау туралы есеп және кепілдікпен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар қолында болу керек.
Өтініш қабылданған соң 15 күн ішінде бизнес жоспарға сараптама жасалып, баға беріледі. Оң баға алған үміткердің құжаттары конкурстық комиссияның қарауына жіберіледі. Комиссия үш жұмыс күнінде қарап, жауабы шығарылады. Егер, жоба комиссия қарауынан өтсе, үміткер шақырылып, өз жобасын қорғайды. Соңында жас кәсіпкерге бағдарлама шарттарына сәйкес несие беріледі.
Қазіргі қоғамда қалта томпайтар кәсіпті, тұрақты жұмыс пен бақуатты өмірді қаламайтын адам кемде-кем. Рас, ақша көктен жаумайды. Әлбетте еңбектену керек. Тұрақты жұмыс пен кәсіп қожайыны болмасаңыз табысты боламын деу бос сөз.
Осы орайда, жастарға арналған бұл бастама кәсіппен айналысуға қабілеті бар, бірақ қаржы мәселесі тығырыққа тіреп жүрген жандар үшін таптырмас мүмкіндік болмақ.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
30 наурыз 2023 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031