» » Стамбұлда Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиум өтеді

Стамбұлда Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиум өтеді

Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиумы (WSCM) 25-30 сәуірде Стамбұлда өтеді. Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі ұйымдастыратын симпозиум Стамбұлдағы Бейоғлы ауданының тарихи орындарында, әсіресе, Ататүрік мәдени орталығында әлемнің ең үздік хор ұжымдары мен тәжірибелі мамандардың басын қосады.
Конгресс туризмі (MICE) бойынша әлемдегі жетекші қалалардың бірі ретінде Стамбұл жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырады. Халықаралық хор музыкасы федерациясының (IFCM) соңғы алты жылдағы ең үлкен шарасы саналатын Дүниежүзілік хор музыкасы симпозиумы (WSCM) – солардың бірі. 25-30 сәуір аралығына жоспарланған симпозиум пандемиядан кейінгі алғашқы әлемдік байқау ретінде тарихта қалады.
Биылғы Дүниежүзілік хор музыкасы симпозиумының тақырыбы – “Көкжиекті кеңейту”. Жер шарындағы барлық ұлт пен ұлысқа тән ән айту дәстүрін құрметтеу, әлемнің әртүрлі аймақтарын бір біріне таныстыру және хор музыкасының барынша әртүрлі баламаларын қамту – басты мақсат.
Конгресс туризмінде көп жылдық тәжірибесі бар Стамбул Бейоглының көрнекті жерлеріне бес континенттегі 28 түрлі елден 50-ден астам баяндамашы, мыңнан астам суретші және 2000-нан астам қатысушының басын қосып, ортақ жобаларды жүзеге асырудың жолдарын қарастырады.
Ыстамбұлдың көрнекті және тарихи орындарында ұмытылмас концерттер
Симпозиум бағдарламасында хор музыкасының әртүрлі стильдері мен дәстүрлері ұсынылған. Түркиядан және шетелден келген әртістерге арналған бірқатар концерттер, көрмелер, шеберлік сабақтары мен іс-шаралардан тұратын шара мәдениеттер мен өркениеттерді біріктіруге ықпал етеді. Симпозиумға Түркиядан 30-дан астам хор және шетелден арнайы шақырылған 11 хор қатысады. Түрік және шетелдік хор ұжымдары Бейоглудың Галат Мевлеви үйі, Әулие Антуан шіркеуі және Гранд Пера сияқты көрікті тарихи орындарында әр кеш сайын 40-тан астам қойылым көрсетеді.
Дүниежүзілік хор симпозиумы шеңберінде Ататүрік мәдени орталығының даңқты сахнасында Эстониядан Грэмми сыйлығын алған Эстония филармониясының камералық хоры, Индонезиядан Батавия Мадригал әншілері, Ливаннан Файха ұлттық хоры, Джорджия мемлекеттік университетінің әншілері өнер көрсетеді. АҚШ-тан және Габоннан Ле Чант Сур Ла Лоу, сондай-ақ Испаниядан Лейоя Кантика Корала, Пуэрто-Рикодан Орфеон Сан-Хуан Баутиста, Швециядан София Вокаленсамбль, Тайваньдан Тайбэй филармониясының камералық хоры, Канададан Ванкувер жастар хоры және Түркиядан мемлекеттік хор. Кешкі концерттер барысында шақырылған хор ұжымдары «Өзгеретін көкжиектер» тақырыбымен Симпозиумға арнайы жазылған шығармалардың премьераларын орындайды.
Дүниежүзілік хор симпозиумының бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы танысуға болады:
http://wscmistanbul2023.com
ttjk.info
24 наурыз 2023 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031