Наурыз поштасы
qarmaqshy-tany.kz «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС «НАУРЫЗ ПОШТАСЫ» АТТЫ АКЦИЯ АЯСЫНДА СЫНЫПТАР АРАСЫНДА ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ.
ЖЫЛ БАСЫН ТОЙЛАУ, БАТА АЙТУ, КӨРІСУ, ТӨС ҚАҒЫСТЫРЫП АМАНДАСУ, ҚАЛ-ЖАҒДАЙ СҰРАСУ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУ, НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ ТАРИХЫН ТЕРЕҢ ТАНУ, НАУРЫЗ КӨЖЕ ПІСІРУ СЕКІЛДІ САЛТДӘСТҮРЛЕРІМІЗ ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕ ЖАТЫР.
«Алаш ұлағаты – Ұлан дар үнінде» дегендей, «Нау рыз поштасында» қарт тар мен үйден оқитын балаларға, үлкен кісілер мен достарымызға ашық хат жіберіп, құттықтадық. Осы хаттар арқылы жүргізілген жұмыстан қарттарға деген ойымыз өзгеріп, көрген жерде құрмет көрсету керек екенін түсіндік. Ауылдық жерде барлығы да өзгермеген. Ата-әжелер өз отбасында көңілдері дария. Олар ешқашан қарттар үйіне бармайды, бала-ша ғаларымен бірге өмір сүруде. Ауылдағы өмір керемет, наурыз айы ерекше қызықты.
Наурызда қара жер бусанып, барша тіршілік оянады. Тылсым табиғат та өзгеріп, ерекше құбылыс болады.
Қазақтың болмысына біткен Наурыз мәңгілік тыныштық, бірлік, береке, таусылмайтын қазыналы байлық әкелсін. Қазақ елінің барша баласының күлкісін ешкім ұрламасын, балалық бақыттарын ешқашан ешкім бұзбасын. Болашағы кемел, жас ұрпақтары кемеңгер болсын. Еліміз ерекше жаңарып, Әділетті жаңа қазақ елінің баласының жүрегі кіршіксіз таза болсын. Қазақстан мәңгі жасасын.
Жаңару айында мықты сабыр, нұрлы ақыл, даналық, азбайтын-тозбайтын жастарға жігер, қарттарға қамқорлық, байтақ жерімізге кеңдік тілейміз, төбеден-төменнен келетін қауіп-қатерден алыс етсін. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміз ұмытылмасын. Қазақты барша елге танытатын жастарының арманы асқақ болсын. Шексіз байлық біздің мәңгі тәуелсіздігіміз екенін жас ұрпақ ұмытпауы тиіс. Егемендігіміздің арқасында наурыз тойы тойланып, қазақтың қазақтығы жасай берсін.
Гүлсая ЖАНГЕЛДИНҚЫЗЫ,
№29 мектептің оқушысы