» » Наурыз мерекесі орталық алаңда тойланады

Наурыз мерекесі орталық алаңда тойланады


Қызылордада Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мейрамы Амал мерекесінен бастау алады. Негізгі шаралар 21-22 наурыз күндері Орталық алаңда өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов баяндады.
Аталмыш мереке Қорқыт ата даңғылынан Ыбырай Жахаев көшесінің кіреберісіне арнайы арка орнатылып, іс-шара басы тақырыптық прологпен басталады.

- Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі және Қызылорда облысының 85 жылдық торқалы тойы қарсаңында 85 баланың тұсауын кесу рәсімі жасалады. Өнер арбатын бойлай орналасқан жарты киіз үй пішінді нысандардың айналасы тақырыпқа сәйкес безендіріледі. Бұған қоса, «Этно ауыл» салт-дәстүрге негізделген арнайы көрмені тамашалаумен жалғасады. Мұнан өзге, 4 арнайы шатыр тігіліп, облысымыздың құрылу кезеңінен бүгінге дейін сыр шертетін көрме Сыр елінің кешегісі мен бүгінгісіне бағытталған. Одан кейін орталық алаңның негізгі сахнасында тақырыптық прологпен басталатын концерттік бағдарламаға жалғасады,- деді Жанмұрат Сейілов.

Орталық алаңды айналдыра 38 киіз үй тігіліп, әр үйге тақырып беріледі. Қала тұрғындары мен қонақтар салт-дәстүр түрлерін және шағын концерттік бағдарламаларды қызықтайтын болады.

-Алаңның әрбір нүктесінде мереке ажарын ашатын мәдени, спорттық шаралар ұйымдастырылып, бұқара халық арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мадақтама грамоталары, медальдар және сыйлықтар табысталады. Мұнан өзге, «Көлтауысарлар сайысы» яғни қымыз ішуден жарыс өтіп, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылынан шыққан жас жұптың беташар рәсімі жасалады. Сонымен қатар, қолөнершілердің арнайы киіз үйі тігіліп, ұлттық бұйымдар көрмесі ұсынылады,-деді қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 наурыз 2023 ж. 763 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031