» » Қазақстандық жастар энергетиктерден кейін ауруханаға түсіп жатыр – кардиолог

Қазақстандық жастар энергетиктерден кейін ауруханаға түсіп жатыр – кардиолог

Фото:elements.envato.com
Жастардың энергетикалық сусындардан кейін жүрек талмасына шалдығып, ауруханаға түсуі жиілеп кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қалалық кардиологиялық орталық директоры Алмат Қодасбаев айтты.
Оның айтуынша, науқастар жиі жаман әдеттерден бірден бас тарта алмай, денсаулығын нашарлатып алады.
«Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары жасарып барады. Біздің негізгі контингентіміз 60-70 жастан асқан, бірақ кейінгі кездері жүрек ауруларының әртүрлі түрімен ауыратындар жиі кездеседі. Негізгісі, артериялық гипертензия – бақылаусыз, саны көп. Тағы бірі инфаркт – стресс, эмоционалдық күйзеліс, зиян сусындарды шамадан тыс тұтынудан ағзаны шамадан тыс жүктеудің салдары. Бізге энергетиктерді қолданғаннан әртүрлі жүрек ауытқуы бар науқастар жиі келеді», – дейді Алматы Кодасбаев.
Өкінішке қарай, энергетикалық сусындардың жүрекке әсері туралы ғылыми зерттеулерге жеткілікті көңіл бөлінбейді дейді маман.
«Өндірушілер бұл сусын ағзаға зиян деп санамайды. Анамнез жинау кезінде пациенттер энергетикалық сусындарды асыра пайдаланғанын айтады. Жүрек соғу жиілігі өзгереді, жалпы патология байқалады. Энергетикалық сусындарға тыйым жоқ, бірақ әрбір денсаулығын қадағалайтын адам жақсы жарнамаға қарамастан, энергетикалық сусындардың ағзаға зиян екенін білуі керек», – дейді кардиохирург.
Маман жаман әдеттерден бас тартуды, салауатты өмір салтын ұстануды, жейтін тағамның сапасын қатаң бақылауды ұсынады.
03 наурыз 2023 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031