» » БЖТ-ны кімдер және не үшін төлейді?

БЖТ-ны кімдер және не үшін төлейді?

Елімізде еш жерде ресми жұмыс істемейтін, алайда табыс табатын азаматтар жетерлік. Олар зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына ақша аудармайды. Үкімет мұндай азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар дейді. Оның ішінде бала күтуші, фрилансерлер, такси жүргізушілер, қорадағы азын-аулақ малын сатып, табыс табатын өзге де қазақстандықтар бар. Дәл осы азаматтарға бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеу тиімді әрі ыңғайлы. Ол төрт түрлі төлемді – жеке табыс салығын, зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына және медициналық сақтандыру қорына аударылатын жарналарды біріктіреді. БЖТ-ны тағы кімдер төлей алады, сақтандыру мәртебесінен айырылмау үшін оны қалай дұрыс төлеу керек деген сауалдарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Медициналық қызметтерді тұтынушылармен жұмыс жасау – Байланыс орталығы басқармасының басшысы Бекзат Тұрмаханбетов жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
− БЖТ-ны кімдер және не үшін төлейді?
Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ, өз ісін заңдастыруына және зейнетақымен қамтылуына, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерінің толыққанды қатысушысы болуға мүмкіндік береді.  
Салық кодексінің 774-бабына сәйкес, мына шарттарды орындайтын:
– жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
− жеке тұлғаларға қызмет көрсететін немесе оларға жеке қосалқы шаруашылықтың өнімдерін сататын кәсіпкерлер БЖТ төлей алады.
Бұл ретте БЖТ төлеуші мәртебесін алу үшін жеке тұлғаның табыс мөлшері жылына  1 175 АЕК-тен аспауы тиіс. Демек бұл cома 2023 жылы 4 053 750 теңгеге тең. Егер бір жыл ішінде табыс осы көрсеткіштен асып кетсе, бұл азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті болады.
БЖТ келесі қызмет түрлерімен айналысатын тұлғалар үшін жарамды:
– тапсырыс бойынша тігін тігу, тоқу;
– өз пәтерін жалға беру;
– көкөністер мен жемістерді өсіру және сату, үйде кондитерлік және т.б өнімдер жасап сату (сауда нысандарының аумағында емес);
– омарта ұстау;
– жеке қосалқы шаруашылықтан ет және сүт өнімдерін сату.
 
Ал мына тұлғалар БЖТ төлей алмайды:
– сауда орталықтары аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғалар;
– жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және т.б.);
– тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті жалға (жалдауға) беретіндер; 
– қандастарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар; 
– Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар. 
− БЖТ төлеуші ретінде тіркелудің артықшылығы неде?
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды БЖТ төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған. Алайда өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бірыңғай жиынтық төлемнің бір айын уақытылы төлемесе, сақтандыру мәртебесінен айырылады. Сондықтан ай сайын төлем уақытын өткізіп алмау маңызды немесе алдағы кезеңдерге алдын ала төлем жасау керек.
Бұл азаматтар салық органында тіркеуде болмаса зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандырудан тыс қалады. Ал БЖТ төлемі осы мәселелерді оңтайлы шешеді. Оған қоса патент немесе «жеңілдетілген» режиммен салыстырғанның өзінде ай сайынғы салық жүктемесінің мөлшері көп емес.
Жарнаның төмен мөлшері. Жалпы БЖТ-ға мыналар кіреді:
10% – жеке табыс салығы (ЖТС);
20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА);
30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС)
Бірыңғай жиынтық төлем төлеу ауылдық аймақтарда тұратын азаматтарға тиімді. Себебі олар ай сайын 1725 теңгеден (1725*12=20700) төлеп, МӘМС аясында барлық медициналық қызмет түрін  шектеусіз алады. Яғни қажетті тексерулерден өтіп, оған жүздеген мың, тіпті миллиондаған теңгеге операция жасай алады. Оңалту курсынан өтіп, амбулаториялық негізде дәрігердің бақылауында болады. Бұл жерде пациент аталған медициналық қызметтер үшін қосымша төлем жасамайды.  Яғни, әрбір сақтандырылған адам аударған жарна мөлшеріне қарамастан, медициналық қызметтерді толық көлемде уақытылы алуға құқылы.
21 ақпан 2023 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 232

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 336

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930