Жосалы кент ішілік маршруттардың жүру бағыттары
qarmaqshy-tany.kz Қазіргі таңда жолаушылар тасымалы саласы бойынша Жосалы кентіндегі кент ішілік маршруттардың 1-бағытында 4 автобус, 2-бағытында 2 автобус күнделікті сағат 07.30-дан 19-00-ге дейін бекітілген бағыттары бойынша халыққа қызмет етуде. маршруттардың ара-қашықтығы 20 минут жол ақысы – 70 теңге.
1-бағыттағы маршруттың жүру бағыты - №183 мектептен бастап Айекенов,
Мүсірбаев көшелері,
№30 мектеп,
Томанов,
М.Шоқай көшелері,
Абай көшесі бойындағы «Шиелі жарығы»,
«Қазақтелеком», аудандық кірістер бақармасы,
Рысқұлов көшесі бойындағы аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі,
теміржол вокзалы,
«Таңсықбай», «Бибінұр» базарлары,
Ізтілеуов көшесі,
«Сұлтан2» сауда үйі,
Тоғанас батыр көшесі,
Абай көшесі аудандық сот, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық орталық аурухана,
Көшербаев көшесі бойындағы «Ертөстік» бөбекжай-бақшасы, аудандық полиция бөлімі, «Қызылорда газ тарату жүйесі» мекемесі, Халық банк бөлімшесі,
Қорқыт ата көшесі бойындағы аудандық статистика басқармасы, аудандық жұмыспен қамту, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі және аудандық білім бөлімі мекемелері аралығын қамтиды.
2-бағыттағы маршруттың жүру бағыты - №183 мектептен бастап Ә.Тоғызбаев көшесі, «Ерзат» дүкені,
Жосалы-Жалағаш автотрассасы бойымен Қабылан батыр,
Томанов көшесі, аудандық электр тарату торабы,
Мүсірбаев көшесі,
«Райхан» дүкені,
№30 мектеп,
Жомартов көшесі
№105 мектеп,
Әуезов көшесі,
Сейтжан ақын көшесі,
«Байқоңыргаз» ЖШС,
Балқы Базар көшесі, «Елес» кафесі, №250 мектеп,
Абай көшесі бойындағы
«Қазақтелеком», аудандық сот, халыққа қызмет көрсету орталығы,
Жолдыбаев көшесі орталық емхана,
Б.Момышұлы көшесі, «Достық» автостанциясы,
Аманкелді көшесі «Сұлтан 1» сауда үйі аралығын қамтиды.