Облыста дебатқа қатысатын мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің саны 8 мыңнан асты
2022 жылы пікірсайысшы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің саны 8 221 мыңға артты. Оның ішінде 7620-і негізгі және орта мектептің оқушылары, ал 138-і жеке мектеп оқушылары болса, 601-і колледж студенттері. Бүгінгі күні аймағымызда 320 дебат клубы белсенді жұмысын атқаруда.
2021 жылдан бастап тәжірибе алмасу үшін облыс бойынша Telegram арнасы және WhatsApp-та «Пікірсайыс көзғалысы/Дебатное движение» чаты ашылып, жұмыс істейді. Ол чаттарда бүгінгі күні 500-ге жуық адам бар.
Дебат - бүгінгі таңда оқушылар мен студенттер арасында кең тараған және танымал трендтердің бірі болып отыр. Бұл қозғалыстың дамуы туралы Мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар беріліп, министрлік тиімді жұмыстар атқаруда. Осы дағдыларды дамыту үшін облыста 320 дебат клубтары жүйелі жұмыс жасауда. Жыл сайын пікірсайысшылар саны артып келе жатқаны қуантады. Бүгінгі таңда пікірсайысшыларды қолдау мақсатында түрлі сайыстар өткізіліп, қаржылай қолдау көрсетіледі, ал ірі турнирлердің жеңімпаздарына жергілікті университеттерге гранттар бөлінеді. Бұл қолдау шарасының барлығы дебат қозғалысын одан әрі танымал ете түседі, ал оның нәтижесі балаларымыздың білім сапасына оң әсер етеді», - деді «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының директоры Айжан Қиянбекова.
2021-2022 оқу жылынан бастап өңіріміздегі жоғары оқу орындары дебат турнирлерінің жеңімпаздарына 4 білім грантын берген болатын. Оқушылар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Болашақ» университетіне оқуға грант алды. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып, мамыр айында облыс әкімінің гранты ойнатылатын болады.
©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі