» » Ғани Нығыметов – Сенат аппараты басшысының орынбасары

Ғани Нығыметов – Сенат аппараты басшысының орынбасары

Ғани Нығыметов Сенат аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғани Нығыметов 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар, АҚШ-тағы Монтерей халықаралық зерттеулер институтын мемлекеттік басқару магистрі, сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін іскерлік әкімшілік магистрі мамандықтары бойынша бітірген. Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Басқару мектебінде, Сингапурдың Ұлттық университетінде басшылар үшін біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Еңбек жолын Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Даму Бағдарламасының штаб-пәтерінде стажер болып бастаған.
2007-2009 жылдары – «ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаментінің жоба менеджері.
2009-2013 жылдары – Назарбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Назарбаев Университетінің Энергетикалық зерттеулер орталығы бас директорының орынбасары, Nazarbayev University Research and Innovation System бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры.
2013-2016 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті.
2016-2018 жылдар аралығында «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС, «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС директор болды.
2019 жылғы шілдеде ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ал 2020 жылғы мамырдан 2022 жылдың тамызына дейін СҚО әкімінің орынбасары болды.
«Болашақ» президенттік стипендиясының түлегі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Максим Споткай Сенат аппаратының басшысы болып тағайындалды.
09 қаңтар 2023 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 812
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 508

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930