» » "Кітаппен өткен демалысым қызықты"

"Кітаппен өткен демалысым қызықты"

qarmaqshy-tany.kz №185 орта мектебінде қысқы каникул кезінде 2-11 сынып оқушылары арасында "Кітаппен өткен демалысым қызықты" тақырыбында кітап оқу акциясы жүргізілуде. Осыған орай 4 "а" сынып оқушылары белсенділік танытуда. Олар түрлі балалар әдебиетін жарыса оқып, бос уақыттарын тиімді өткізуде. Сонымен қатар "Ата - анаңмен кітап оқы" акциясынада белсенді қатысуда. Осы орайда Жарболсын Гүлсая өзінің қарт әжесіне демалыс кезінде қызықты кітаптар оқып беретінін айтты. Себебі әжесі кітап оқығанды жақсы көреді, алайда ол кісінің көзі нашар көретін болғандықтан Гүлсая кітапқұмар әжесіне түрлі қызықты кітаптарды әкеліп оқып береді екен. Ал қарт әже өзінің кішкентай немерелеріне Гүлсая оқып берген ертегілерді қызықты етіп айтып береді. Ол сонымен қатар оқыған кітаптарының кейіпкерлерінің суретін салғанды жақсы көреді. Сынып жетекшілері Г.Асатуллаеваға оқушыларын кітапқа баулып жатқаны үшін алғыс білдіреді.
09 қаңтар 2023 ж. 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031