» » Алдымызда үлкен сынақтар тұр - университет басшысы Қаңтар оқиғасы туралы айтты

Алдымызда үлкен сынақтар тұр - университет басшысы Қаңтар оқиғасы туралы айтты

Қаңтар оқиғасы туралы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Қаңтардың қанды оқиғасы ойға жиі оралады. Өткен жылдың өкініші де сол болса керек. Санаға сызат түсіріп, ел аза тұтты. Осындай қысылтаяң шақта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көреген саясаты қоғамды қиындықтан алып шықты. Мызғымас бірліктің арқасында мемлекетті қорғап қалдық. Егемендігімізге нұқсан келтірмек әрекет әшкереленді. Президент елге сенді, ел оған сенді. Соның айқын дәлелі – ел Президентін сайлауда көрінді, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, білім ордасының басшысы жаңа Қазақстан жолында елдің береке-бірлігі аса қажет деген пікірде.
Рас, өткенсіз бүгін жоқ. Сын сағаттағы жағдайлар сабақ болып, халқымыз кез келген қауіп-қатерден бойын аулақ ұстауға тиісті. Сонда ғана бейбітшілікті сүйетін елдің ынтымағы арта түседі. Татулық пен тұрақтылық, бейбіт өмір сүру мен әділетті қоғам жайы өте маңызды. Алға ұмтылуда әрбір қадамды нық сеніммен басу, кемел келешекке саналы көзқарас қалыптастыру, отанға үлес қосу – қасиетті парызымыз. Бұл бүгінгі күннің басты бағдары дер едім, - дейді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Заңғар жазушы Әбіш Кекілбайдың «Қуана білгенге құт қонады, бағалай білгенге бақ қонады» деген қанатты сөзін тілге тиек еткен университет басшысы алдымызда үлкен сынақтар күтіп тұрғанын айтады.
Баянды болашаққа апаратын әрбір баспалдақты қуана қарсы алып, барымызды бағалай білгеніміз жөн. Алдымызда үлкен сынақтар тұр. Саяси реформалар жемісін көру күн тәртібінен түспек емес. Әділетті Қазақстаның маңызды жолында бірлігімізді білдіріп, еңселі ел екенімізді танытып, өрісті кеңейтіп, өміріміздің өскелең бейнесін көрсетіп, ертеңіміз үшін сенімге селкеу түспесе деп білемін, - дейді ол.
05 қаңтар 2023 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10305)

21 мамыр 2024 ж.

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031