» » Нұрымбет Сақтағанов: «балалар жылында облыста 12 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды»

Нұрымбет Сақтағанов: «балалар жылында облыста 12 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды»

«Балалар жылына» орай облыста «Сыр елінің байлығы – балалар» атты іс-шаралар жоспары әзірленді. Осыған сәйкес, жыл басынан бері балалардың барлық санаты қамтылған 12 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 233 551 бала қамтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.
- Балалар жылы аясында жыл соңына дейін 12 әлеуметтік нысан салынып бітеді. Қосымша Арал ауданаралық ауруханасы базасында 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ерте араласу орталығы, көпбейінді облыстық балалар ауруханасында 2-14 жас аралығындағы балалар үшін оңалту орталығы ашылды. Сонымен қатар биылғы жаңа оқу жылында 4 мектеп, 1 оқушылар үйі мен 1 балабақша ел игілігіне берілді. Үйден оқитын балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша «Мен сенің досыңмын!», «Қайырымдылықпен қадам басамыз!», «Менімен бірге арманда!», «Жақсылық жасап жарыс!», «Тілсіз дос» акциялары өтуде. Жалпы биыл барлығы 125 акция ұйымдастырылды, - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы.

22 желтоқсан 2022 ж. 496 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 713
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031