» » ҚАЗАҚИ ҚАСИЕТТЕРІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУҒА ҚАТЫСТЫ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР ФОРУМЫ

ҚАЗАҚИ ҚАСИЕТТЕРІМІЗДІ ЖАҢҒЫРТУҒА ҚАТЫСТЫ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР ФОРУМЫ

Қызылордада «Қазақи қасиеттерімізді жаңғыртудағы облыс ардагерлер ұйымдарының міндеттері» жайлы облыстық ардагерлер форумы болып өтті.

  Форумға мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облыстық «ардагерлер ұйымының» төрағасы С.Шаухаманов, ҚМДБ-ның облыстағы өкілі Б.Абуов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшылары, қала және аудан имамдары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аймақтағы ардагерлер ұйымдарының мүшелері қатысып, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қазіргі уақытта белең алып кеткен жаназа және жерлеу рәсімдері мен той-томалақтардағы аста төк ысырапшылдық пен ынсапсыздықты саралап, салдарын талдап, індетке айналып бара жатқан мәселенің түпкі түйінін тұжырымдады.
  Облыстық өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы форум қатысушыларына оқыған баяндамасында:
  «Әр дінде, әр мәдениет пен өркениетте марқұмдарын әрқалай жерлейді. Жаназа мен жерлеу рәсімдерін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) бүге-шүгесіне шейін айтып, көзі тірісінде көрсетіп те кеткен. Біздің ата-бабамыз соның барлығын ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдырып келеді. Десек те, кейбір өңірлерде, әсіресе кейінгі кездерде шариғаттан ауытқып, жерлеу рәсімдеріне дінде де, дәстүрде де жоқ нәрселерді енгізіп жібергеніне куә болып жүрміз. Осындай олқылықтарды жойып, жерлеу рәсімдерін бірізділікке келтіріп, оны атқару барысында шариғат талаптарының сақталуы үшін ҚМДБ «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын жарыққа шығарды» - деп, келушілерге алдын-ала таратылған аталмыш кітап төңірегінде жөн-жоралғыларды өткізуде орын алып жүрген дінге қайшы өрескел қателіктер мен астамшылықтарға жеке-жеке тоқталып, шариғат талаптарын түсіндірді.
Форум соңында, аймақтағы ардагерлер ұйымының алқа мүшелері де өздерінің жасаған баяндамаларында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына дер кезінде шығарылған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тигізіп жатқан пайдасын ескере отырып, алғыстарын білдірді, талқыға түскен олқылықтарды түпкілікті түзету жолында бірлесе жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
27 сәуір 2018 ж. 843 1

JeaCold от 13 ақпан 2019 21:20
Propecia Varata Cialis Funziona Forum canadian cialis Keflex And Utis

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 206

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930