» » “Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет”

“Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет”

qarmaqshy-tany.kz Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес, ұлттың қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот аллдыңда тең. Азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардабын жою, алдын алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу жалпыға ортақ міндет.
Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық сияқты қоғамдағы келеңсіз, жаман әдеттің жолын кесіп жоюға бағытталған көптеген іс-шаралар жасалынып, елімізде нақты қадамдар қолға алынуда. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары менбостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп – қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған сыбайлас жемқорлық туралы арнайы заңымыз бар. Қазақстан Республикасының бұл заңы барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мерзімдік науқан емес, яғни уақытша атқарылар шара емес, сол үшін бір мекеме немесе жеке ұйымға ғана емес әрбір Қазақстан азаматына тиесілі міндет және қоғамға ортақ күрес екендігін білуіміз қажет.
Жемқорлықты жою – еліміздің фундаментальды құндылығы – тәуелсіздігімізді нығайтатын негізі шарттардың бірі. Қоғамның ынтымақтастығында ғана осы жемқорлық мәселесін шешіп, Қазақстанның гүлденуіне жағдай жасай аламыз. Сондықтан қоғамды жегідей жепжатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз қажет.

22 қараша 2022 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728