» » Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді

Сайлаушылардың 85,52 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді

Еxit poll нәтижесі бойынша 20 қарашада өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тікелей эфирінен AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған институт бүгін күні бойы сайлау учаскелерінің шыға берісінде сайлаушылар арасында әлеуметтік зерттеу – Exit poll өткізіп, 70 мыңнан астам адамды қамтыған.
Сонымен, exit-poll нәтижесі келесідей:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52 пайыз;
Жигули Дайрабаевқа – 2,67 пайыз;
Қарақат Әбденге – 2,61 пайыз;
Мейрам Қажыкенге – 2,43 пайыз;
Нұрлан Әуесбаевқа – 1,93 пайыз;
Салтанат Тұрсынбековаға – 1,44 пайыз дауыс берілді.
Ал бәріне қарсымын бағанын 3,4 пайызы белгілеген.
Айта кетсек, еліміз аумағында 600-ге жуық сайлау учаскесінде сауалнама өтті. Бұл тұрғыда 74 қала мен 242 ауылды елді мекенде жүргізілді. Қазақстандықтардың 67,71 пайызы дауыс беруге келген.
Exit poll – дауыс берген сайлаушылардың арасында жасырын сауалнама жүргізудің бір түрі.
Астана уақытымен сағат 20.00-де еліміздің 15 өңірінде, ал дәл қазір Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды.
Осылайша, еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 033 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.
Төрт өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берді.
21 қараша 2022 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930