» » Құрметке бөленген Қармақшылықтар

Құрметке бөленген Қармақшылықтар

qarmaqshy-tany.kz 25 қазан – Республика күні Ұлттық мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан бір топ жерлестеріміз абырой биігінен, марапат төрінен көрінді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Қалиев Ерлан Піртазаұлы Президенттің жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанса, еңбек ардагері, ауданымыздың құрметті азаматы Қаршыға Есдәулетов, аудандық мәслихат хатшысы Қошалақов Әділ Үсенұлы, жерлестеріміз, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Қасымова Ақзира Бақтыбайқызы мен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі, опера әншісі Әйгерім Алтынбек «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, белгілі жырау, «Парасат» орденінің иегері, «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері», Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының және Қазақ ұлттық өнер университетінің құрметті профессоры Алматов Алмас Нұрмаханұлына «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілді.
Еліміздің дамуына елеулі еңбектерімен үлес қосып, ел құрметіне бөленген азаматтарды барша Қармақшылықтар атынан құттықтай отырып, отбастарыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Мерей мәртебелеріңіз биіктей берсін!



27 қазан 2022 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930