» » "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам"

"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам"

qarmaqshy-tany.kz Елеу Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінде бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 10-21 қазан күндері аралығында Балалар жылы-2022 "Білімді ұрпақ-ел болашағы" тақырыбында онкүндік өткізілуде. Осы онкүндік барысында 2022 жылдың 20 қазан күні 4 "Ә" сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Дәуіржанова Салтанаттың ұйымдастыруымен "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Танымдық сабақтың кіріспесінде пән мұғалімі С.Дәуіржанова оқушылармен "Интернет желісі" тақырыбында сахналық қойылым көрсетті. Қойылымның барысында балаға, ата-анаға ой саларлықтай құндылықтарды насихаттады. Сонымен қатар, танымдық сабаққа робототехника және инновациялық идеялардың мұғалімі Сұлтанбаев Ерболат және шәкірттері қонақ болып, қызықты да тартысты сұхбатты әңгімелер жүргізілді. Сұхбат барысында оқушылар Сұлтанбаев Ерболат ағай мен шәкірттеріне сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар Хамзеев Ергелды және Орақов Абай сынды шәкірттері республикалық байқаудың жүлдегерлері атанып, байқауда бақ сынаған жұмыстарын ортаға шығарып, оқушыларға көрсетті. Оқушылар түрлі техникалық жұмыс түрлерімен танысып, ғылымға деген қызығушылықтары артты. Мектебімізде робототехникамен айналысып жатқан оқушылардың бейнематериалдары тамашаланды. Сынып оқушылары қонақ кәделерін көрсетіп, "Роботтар" биін билеп, көптеген қызықты жұмыстар жүргізілді.
"Балалар-мемлекетіміздің болашағының кепілі" деп, жасөспірімдерді білімге, ғылымға деген көзқарастарын қалыптастырып, сабақ соңында "Жұлдыздар жарқырайды" әнімен қорытындыланып, Сұлтанбаев Ерболат ағайға, алдағы халықаралық байқаудан жеңімпаз атанып, жүлдемен оралуларына сәттілік тілеп, пән мұғалімі "2022 жыл-Балаларды қорғау жылына" орай әр оқушыға жекелеп мадақтау жүргізіп, келген қонақтарға да қонақ кәде көрсетілді. С.Дәуіржанованың танымдық сабағы жоғары деңгейде бағаланды.
21 қазан 2022 ж. 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 403
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 203

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930