» » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген нысандарды араланды

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енген нысандарды араланды

Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы С.Ахметжановтың, облыс әкімінің орынбасары М.Жайымбетов пен Агенттіктің облыстық департаменті басшылығының қатысуымен өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енген нысандар араланды.
Сапар барысында Саян Қылышұлы «Жылу электро орталық» және Қызылорда қаласындағы «Бас су жинау кешені» кәсіпорындарының басшылық құрамымен кездесіп, өндірістік процестермен танысты.
Кездесу барысында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасындағы делдалдар, жасанды монополистер, тарифтерді өсіру, қайта өңдеу салаларындағы кәсіпорындардың қызметі сараланды.
«Квази мемлекеттік сектордың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарында тиісті бақылаудың және ашықтықтың болмауынан, жұмысқа орналасу рәсімі реттелмеген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу рәсімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басым, сол тұстарын зерделеу арқылы тиісті алгоритм ұсынуымыз керек деді» деді Саян Қылышұлы.
Превенция қызметінің басшысы бұл нысандардың тәуекелдер картасына кездейсоқ енгізілмегенін, азаматтардың таза сумен және жылумен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылғанын жеткізді.
Сондай-ақ, қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы Агенттік бақылауында болатындығы ескертілді.
20 қазан 2022 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930