» » Әскерилер "Syr Jastary" жүгіру марафонында үздік атанды

Әскерилер "Syr Jastary" жүгіру марафонында үздік атанды

Облыстық "Syr Jastary" жүгіру марафонына қатысқан Қызылорда гарнизоны 66597 әскери бөлімінің жеке құрамы үздіктер қатарынан көрінді.
Марафонға қатысушы 200-ден астам спортшының 60-қа жуығын әскери қызметшілер құрады. 8 шақырымға жүгіру кезінде ерлермен бірге әйелдер де өз бақтарын сынады. Аптасына үш күн бойы 3 шақырым, екі күн бойы 10 шақырым қашықтықты бағындырып, жаттығып жүрген әскерилер үшін бұл жарыс аса қиындық туғыза қоймады. Осындай үзіліссіз спорттық жаттығулардың арқасында гарнизон әскери қызметшілері үздіктер қатарын толықтырды.
Атап айтсақ, жүгіру марафонының қорытындысы бойынша оқ бойы оза шауып үздік шыққан ефрейтор Тұрсын Керімбердиев 1-орынды иеленсе, 3-орын ефрейтор Нұрбол Құрманайұлына бұйырды. Ал әйелдер арасындағы жарыста 3-орынға көптеген республикалық және халықаралық әскери жарыстардың жеңімпазы ефрейтор Шамшырақ Сержанова ие болды.
– Жұбайым да әскери қызметші. Спорт - денсаулық кепілі демекші, біз отбасымызбен дене шынықтырумен айналысуды әдетке айналдырғанбыз. Осы жүгіру жарысында жақсы нәтиже көрсеткен әріптестерімді жеңістерімен құттықтаймын. Үздіктер қатарынан көрінуіміздің басты себебі – қызметтегі тоқтаусыз жаттығулар, – дейді әскери қызметші ефрейтор Шамшырақ Сержанова.
Жарыс соңында "Syr Jastary" жүгіру марафонының жеңімпаздары мен номинация иегерлеріне ақшалай сыйақылар мен марапаттар табыс етілді.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
12 қазан 2022 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930