» » «Мұхтар Әуезов-қазақ әдебиетінің тарланы»

«Мұхтар Әуезов-қазақ әдебиетінің тарланы»

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқу залында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығармаларына библиографиялық шолу жасалды.
Мақсаты: әлем таныған Әуезовтің ұлылығын дәріптеу, өмірі мен шығармашылығымен таныстыру және студенттердің жазушы шығармаларына деген қызығушылығын ояту. Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, әлемге әйгілі жазушы және драматург ретінде құрметті орын алады. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман -эпопеясы ғасырлық туынды ретінде бағаланып, қазақ ұлты мен ақын Абайды әлемге танытты. Студенттер жазушының «Қорғансыздың күні», «Еңлік-Кебек», «Жетім», «Көксерек», «Кім кінәлі», «Қараш-қараш» оқиғасы, «Қилы заман» повестері, «Қаралы сұлу» әңгімелерімен танысты, Сонымен қатар, кітап көрмесіне мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары ұсынылды.

07 қазан 2022 ж. 1 806 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930