» » Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарында қорытынды сынақтар өтіп жатыр

Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарында қорытынды сынақтар өтіп жатыр

Қазан айының ортасына дейін жалғасатын бұл шараға Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, басқарма және бөлімдердің жеке құрамы тартылған.
Әскери қызметшілер жалпы әскери жарғылар, арнайы, атыс, дене шынықтыру, мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарынан сынақ тапсырып жатыр. Қорытынды сынақтар оқу-жаттығу полигоны мен әскери мекеменің тұрақты орналасу пунктінде жүргізілуде.
Жергілікті әскери басқару органдарының үйлесімділігі мен даярлық деңгейі тексерілетін сынақтарда жеке құрамның теориялық білімдеріне, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жағдайына баға беріледі.
 – Әр оқу жылының соңында өтетін бұл қорытынды сынақтарда әскери қызметшілердің сыныптық біліктілігі расталады. Осы арқылы жеке құрамның кәсіби деңгейі мен үлгеріміне баға берілмек, – дейді Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жоспарлау және үйлестіру бөлімінің бастығы майор Абай Молдағалиев.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
06 қазан 2022 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 511

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930