» » Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 3 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазгидрометтің мәліметінше, осы күні Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, батысында екпіні 23 м/с дейін барады.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, аймақтың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
3 қазанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел ұрып, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 
Бүгін күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан тұрады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
3 қазанда түнде Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.
03 қазан 2022 ж. 837 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 777
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930